Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті дамытуға арналған жаңа бағдарламада мал шаруашылығы саласына бөлінетін субсидия түрлеріне өзгеріс енгізіледі

АӨК-ті дамытуға арналған жаңа бағдарламада мал шаруашылығы саласына бөлінетін субсидия түрлеріне өзгеріс енгізіледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Тараз қаласында Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесуде АӨК-ті 2017-2021 жылдарға дамытуға арналған бағдарлама жобасы талқыланды.

Бүгінгі күні мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 33 бағыт бар, оларға 2015 жылы 69 млрд. тенге бөлінген. Жаңа бағдарлама аясында 6 субсидия қарастырылатын болады.

Сиыр, қой еті, сүтке берілген субсидияларды алушылар – ірі шаруашылықтар (жалпы соманың 60%-ы ). Мысалы, сиыр етіне берілетін субсидиянының жалпы көлемін (60%) 19 мал бордақылау алаңдары (3000 бас малдан) алып отырса, сүтке берілетін субсидияда дәл осылай жасалып отырған. Ендігі кезекте осы бағыттағы критерийлер төмендетілетін болады (сиыр етіне 400-ден 100 бас малға) және ауыл шаруашылығы коперативтеріне субсидия алуға қатысуға мүмкіндік берілмек. Осы арқылы субсидия алушылардың саны 2,5 есеге көбейтілмек.

Сонымен қатар, ет бағытындағы асыл тұқымды төлдер жеткілікті болғандықтан, импортталатын асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге арналған субсидияға шектеу қойылып, барлық қаражат өнімді субсидиялауға бөлінетін болады.

Мал басына төленетін ірі-шығынды азықтарды субсидиялау (ЖБ есебінен орташа 100 мың.тг) түпкілікті нәтижені қамтамасыз етпейді. Аталған қаражат ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрама жемді субсидиялауға бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар,1 аналық мал басына төленетін ІҚМ асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізуді субсидиялаудың түпкілікті нәтижеге байламсыз алынатын төлге бағытталатынын болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus