Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әкімдіктердің жауапкершілігі күшейтіледі

АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әкімдіктердің жауапкершілігі күшейтіледі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша баспасөз конференциясы болып өтті.

Республика аумағында ветеринарлық және фитосанитарлық ортаны қамтамасыз ету үшін Министрлікте аса қауіпті зиянды организмдермен және жануарлар ауруларымен күрес, сондай-ақ осы ауруларға шалдығудан және карантиндік объектілерден, жануарлардың аса қауіпті ауруларынан алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні ветеринария саласындағы негізгі функцияларды жергілікті атқарушы органдардың ветеринария қызметі іске асыруда. Министрлік тек қана заңнамалық, бақылау және үйлестіру функцияларын орындайды.

2016 жылы аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы 1 790,3 мың га. алқапта химиялық өңдеу, астық дақылдарының ауруларына қарсы 2 410,3 мың га. алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілді.

«Шегіртке зиянкестеріне қарсы 1 655,0 мың га. өңдеу жұмыстары, карантиндік объектілеріне қарсы 29,85 мың га. жерге республикалық бюджет есебінен өңдеу жұмыстары жүргізілді», – деді Алмабек Марс.

Еуразиялық экономикалық кеңестің сыртқы шекараларына шығарылатын және республика аумағына әкелінетін импорттық өнімдердің фитосанитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкестігіне тұрақты бақылау жүргізіліп отыр.

Жаңа Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шаралары: фитосанитария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік негіздерін; зиянкестермен күрес әдістерін; фитосанитарлық қорғау сұрақтарында ауыл шаруашылығы құрылымдарын қорғау шаралары, сондай-ақ жер жағдайы үшін олардың жауапкершілігін арттыруды; фитосанитария және басқа да салаларды бақылау сұрақтары бойынша шет мемлекеттермен қарым-қатынасты бекітуді; зертханалардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін, фитосанитарлық бақылау посттарын халықаралық талаптар деңгейіне дейін жеткізуді жетілдіруге бағытталады.

Ветеринария саласында заңнамалық реттеу бөлімінде жануарларды идентификация жасау құралдарын сатып алу функцияларын әкімшіліктердің құзыретіне беру; жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық ұйымдарына сәйкес талаптарды бекіту; әкімшіліктердің ветеринарлық бөлімшелері қызметтерінің тиімділігін бағалау жүйелерін енгізу; әкімшіліктердің ветеринарлық бөлімшелері алдында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің есептілігін енгізу жоспарлануда.

«Жануарлардың денсаулығын қорғау туралы дүниежүзілік ұйым (ХЭБ) мен ЕЭО құжаттарын есепке ала отырып республиканың ветеринарлық заңнамасын ары қарай дамыту жүргізілетін болады», – деді Олжас Аусабаев.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus