Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етпек

АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етпек

Жақында Елбасына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасын баяндаған болатын. Өз кезегінде Елбасы тұжырымдаманы құптап, тиісті тапсырмалар берді.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырды.

Қазақстан экономикасы негізгі басымдықтарды қайтадан қарау кезеңіне бет бұрды. Жаңа жаһандану заманында аграрлық сектордың дамуына аса мән берілуде. Алдағы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу негізгі әртараптандыру көзі мен экономикалық өсімінің ең негізгі күшіне және жетекші локомотивіне айналады.

АӨК-тің жаңа рөлін жүзеге асыру еліміздің тұрақты дамуын, еңбек өнімділігін арттырады.

Ауыл шаруашылығы кооперациялары арқылы Қазақстан ішкі нарықта өзінің табиғи және құнарлы өнімдерімен ерекшеленетін болады.

Кооперацияларға бірігу арқылы Қазақстан халқының жартысын құрайтын ауыл тұрғындарының табыс деңгейін арттыру.

Мемлекеттік бағдарламаның әлеуметтік маңызды рөлі – табысты фермерлердің санын арттыру, сол арқылы нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету. Бұл бағдарламаның әлеуметтік маңызы да зор. Ауыл халқын жұмыспен қамти отырып, олардың табыс деңгейін арттыру. Яғни, басты ұстаным: «Шығарылған өнімді сатуға емес, сұранысқа ие өнімді өндіру».

Бағдарламаның тұжырымдамалық ықпалы – қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа, фермерлік қожалықтарды өндірістің өсу факторымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін ескере отырып, ауқымды түрде кооперацияларды дамыту болып табылады. Сараптама нәтижесі бойынша, қосалқы шаруашылықтарда өндірілетін өнімнің 80%-ы ауылдық жерде қалып қойып, қала тұрғындары мен өңдеуші кәсіпорындарға дейін жетпейтіні белгілі болып отыр.

Еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» ҰБХ арқылы жүзеге асырылады. Жеке қосалқы шаруашылық бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативін дамытсақ, 500 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құра аламыз және шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үлесін 1,3 есеге арттырамыз.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында ауыл тұрғындарының кірісін жыл сайын 300 млрд.теңгеге дейін арттыру және сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға төмендету көзделіп отыр.

Жаңа бағдарлама аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Бидай алқаптары 2,3 млн. гектарға (2016 жылы 12,4 млн га-дан 2021 жылы 10,1 млн. гектарға ) дейін қысқартылады. Босатылған алқаптарға экспортқа сұранысы жоғары арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдар егіледі. Біздің тарапымыздан егіс алқаптары өңірлер мен дақылдар кесімінде есептелді.

АӨК-ті дамыту үшін, жаңа бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды сәтті орындау үшін ғылым мен білім салаларын дамытудың ықпалын өзгерту мәселесі де қарастырылып жатыр. Ғылымды біріктіру мен білімді дамыту салаларына баса назар аударылуда. Ауыл шаруашылығы өндірісінің сұранысына жауап беретін зерттеулермен айналысу қажет. Сондықтан, ғылым тауар өндірушілердің нақты сұранысына байланысты қаржыландырылады. Демек, ғылыми зерттеулер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сұранысына бағытталуы тиіс.

Кадр дайындау кезінде жалпы көрсеткішті емес, мамандарды дайындаудан бастап өндірістің тапсырмасын да ескеру қажет.

Фермерлердің біліктілігін арттыру кезінде, кысқа мерзімді курстарда, жаңа технологиялармен бөлісу кезінде де ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты тапсырыстары ескеріледі. Ауыл шаруашылығын өндірушілер өздерінің сұрақтарына ғалымдар мен мамандардың көмегіне жүгіне отырып, жауап ала алады.

Бағдарлама барысында субсидия алушылар саны 7 есеге дейін көбейіп, «КазАгро» арқылы жеңілдікпен алатындар саны артып, несие алатын орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге көбейеді.

1 теңге бойынша субсидиялау 2 есеге дейін, яғни 7,5 теңгеден 13 теңгеге дейін көбейеді. Бұл жалпы өнім өндіру үлесі 50%-ға артады деген сөз.
Жеңілдікпен несие берудегі негізгі мақсат- өңдеуші кәсіпорындардың үлесін көбейту, ал инвестициялық субсидия арқылы қымбат емес ауыл шаруашылығы техникаларының сатып алу қарқынын 1,5-2 есеге дейін ұлғайту.

АӨК саласын мемлекеттік реттелу сұрақтарды оңтайлы пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерін суландыру, эпизотикалық және фитосанитарлық саланы дамыту, өндіріс, ғылым мен білім салаларын өзара байланыстыру, нормативті-техникалық негізде органикалық өнімдерді дамытуларды қарастырады.
Мемлекеттік реттелу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде жердің кадастрлық құны мен 600 мың га суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы саласында тиімді пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан халқы үшін ауыл шаруашылығы саласы негізгі кіріс көзіне айналады.

2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиынын 30%-ға 1трлн. теңгеге немесе 3,3 трлн. теңгеден 4,3 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек өнімділігін 50%-ға 1,2 млн. теңгеден 1,9 млн. теңгеге арттыру, экспорт 17%-ға 2,1 млрд. АҚШ долларынан 2,5 млрд. АҚШ долларына дейін, және импорт көлемін 17%-ға 3,4 млрд. АҚШ долларынан 2,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға яғни, 1,4 млн. га 2 млн га дейін арттыру, осының нәтижесінде кіріс 30 есеге дейін көбейеді.

Негізгі басымдылық фермерлерге бөлінеді: мемлекеттік қолдау 7 есеге, яғни 67 мыңнан 500 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көбейеді.

Кооперативтер арқылы өнімді өткізудің 500 мыңға жуық жалпы қосалқы шаруашылық жүйесін тарту; кәсіпорындардағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өңделуін 1,3 есеге көбейту; салалардағы жеке инвестиция көлемін 3 есеге 134 млрд. теңгеден 427 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы кооперация арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында нақты өзіндік орын алады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus