Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК: Экспорттық саясат

АӨК: Экспорттық саясат

Экспорттық саясат өнімді әлеуетті өткізу нарықтарына ілгерілетуді мақсатты түрде қолдау негізінде жүргізілетін болады. Осы мақсаттар үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның өз қаражаты есебінен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ «ҚазАгроКепіл» АҚ-мен және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, сондай-ақ ҚР-ның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз іс-қимылда АӨК-нің экспорттық орталығы рөлін атқарады.
Орталық:
Біріншіден, сыртқы нарықтарды талдауды және перспективалы өткізу елдері үшін өнімді ілгерілетудің жол карталарын жасауды;

Екіншіден, АШТӨ-ден өнімді форвардтық сатып алуды және ірі экспорттық партияларды қалыптастыруды;

Үшіншіден, сыртқы нарықта сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімі үшін өткізудің экспорттық арналарын құруды;
Төртіншіден, АШТӨ-нің экспорттық келісімшарттарын сақтандыруды және кепілдендіруді ұсынуды;

Бесіншіден, «KZ ORGANIC FOOD»-ты қоса алғанда, шатырлы брендтерді ілгерілетуді;

Алтыншыдан, өнімді экспорттау бойынша, оның ішінде келісімшарттарды сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus