Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандағы ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі – сарапшы

АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандағы ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі – сарапшы

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылдағы тауар-логистика инфорақұрылымын дамытуға серпін беріп, сондай-ақ ауыл тұрғындарына тауар өндірісінің белсенді қатысушысы болуға және осылайша өз табысын арттыруға мүмкіндік береді. «КазАгро» холдингінің төрағасының кеңесшісі Саруар Кенжебулат primeminister.kz сайтына берген сұхбатында осындай пікірмен бөлісті.

С. Кенжеболат Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін қамтамасыз етуді көздейтінін айтты.

«Бағдарлама Мемлекеттік мәртебесіне ие, сондықтан ол ведомствоаралық өзара іс-қимылды бағамдайды. Демек, біз ауыл шарушылығы мәселелерін ғана емес, сабақтас салаларды, оның ішінде жер, су ресурстары, агрохимиялық қамтамасыз ету, сауда-логистика инфрақұрылымы және тағы басқа салалардың мәселелерін қозғаймыз. Бұл мәселені агроөнеркәсіп кешенін дамытуға әсер ететін барлық негізгі кезеңдерді қарастыра отырып, кешенді қамтуға мүмкіндік береді», – деді С. Кенжеболат.

Ол бағдарлама әзірлеу қажеттілігі агроөнеркәсіп кешені қазіргі жағдайда еліміздің экономикалық өсімінің негізгі драйвері болуы керектігінен туындағанын атап өтті.

«Ішкі әрі сыртқы нарықта сатылатын, сұранысқа ие өнімдер өндірісіне баса назар аударылады. Осы орайда ішкі нарықта үлкен импортқа ие тауар позициясына және экспорттық әлеуеті бар, яғни осы өнімді сыртқа шығаруға болатын позицияларға басымдық беріледі. Бұндай тәсіл экономикаға оң әсерін беруі тиіс», – деді С. Кенжеболат.

Оның айтуынша, өнім бағасы мен сапасы жағынан ұқсас өнімдерден қалыс қалмауы үшін, ынталандыру және мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар қажетті инфрақұрылымды құру жұмыстары қарастырылуда.

«Бұл үшін жеке үй және ұсақ фермер шаруашылығымен жүргізілетін өнім кооперативтермен шоғырланып, кейін ол қазіргі таңда жеткілікті түрде жүктелмеген өңдеуші кәсіпорындарға өткізілетін кезде кооперация арқылы жағдай жасалатын болады. Шаруашылық өзіне ғана жұмыс істемей, адамдар одан табыс тауып, қосымша пайда табуға болатынын түсіне бастаған кезде, кәсіпкерліктегі белсенділік артып, ауыл тұрғындары өздеріне табиғи өндірістен бөлек, нарыққа шығу үшін тауар өндірісімен де айналыса бастайды», – деді С. Кенжеболат.

Ауыл шаруашылығындағы осындай серпін, оның айтуынша, өзге сабақтас салалардың дамуына да себеп болып, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуына, ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Дерек көзі: https://primeminister.kz/kz/news/selskoe_hozyaistvo/novaya-gosprogramma-razvitiya-apk-pomozhet-povisit-blagosostoyanie-selskogo-naseleniya-v-kazahstane-ekspert-13791

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus