Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ИЫҰ 7-ші Министрлік конференциясы Астана қ. өтеді

ИЫҰ 7-ші Министрлік конференциясы Астана қ. өтеді

Баспасөз хабарламасы
15.12.15 ж. Астана қ.

Ү.ж. 14 желтоқсан күні Найроби қ. (Кения) халықаралық сауда ұйымының Министрлік конференциясының 10-шы сессиясы шеңберінде Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерінің отырысы өтті.
Қазақстанда құрылғалы отырған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастығының Ұйымының мәселелері жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева сөз сөйледі. Вице-министр азық-түлік қауіпсіздік мәселелерін шешуде Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерінің өкілдері ұйымның құрылу бойынша Қазақстанмен атқарылып жатқан жұмыстарымен хабардар етілді. Сондай-ақ, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ынтымақтастығының Ұйымының Бас Ассамблеясы 2016 жылы 26-28 сәуір аралығында Астана қ. өтетіндігі мәлімделді. Аталмыш шара бойынша АҚИЫҰ атқарушы кеңес төрағасы мен мүшелерді, бас директорды тағайындап, ұйым Секретариатының ішкі регламентін бекіту және ұйымның негізгі даму бағыттарын келісу жоспарланып отыр. Соған қоса, Вице-министр Астана қ. өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас Ассамблеясының 7-ші Министрлік конференциясының бірлескен отырысында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы мәселелері қарастырылатынын мәлімдеді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus