Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауылды жерлерге жұмысқа келген мамандар тұрғын үй сатып алуға 7 863 несие алды

Ауылды жерлерге жұмысқа келген мамандар тұрғын үй сатып алуға 7 863 несие алды

Астана, “АШҚҚҚ” баспасөз қызметі – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ “Дипломмен – ауылға” жобасы бойынша сенімді өкіл (агент) болып табылады. Қор ауылды жерлерге жұмысқа келген денсаулық сақтау, білі беру, мәдениет, спорт, ветеринария салалары мамандарын бюджеттік несиелеуді жүзеге асырады.

2010 жылдан бастап Қор “Ауылдық ипотека” бағдарламасы бойынша 13,1 млрд. теңгеге 7 863 несие берді. Оның ішінде – 2012 жылы ауылдың бюджеттік сала мамандары 7,1 млрд. теңгеге 3 214 несие, 2013 жылы – 309,7 млн. теңгеге 136 несие алды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік несиелер 15 жылға дейін мерзімге 0,01% үстемемен беріледі.
http://www.fad.kz/node/4681

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus