Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 668 сүт қабылдау пункті құрылады

668 сүт қабылдау пункті құрылады


Сүт зауыттарының қуаттылықтарының жүктемелігін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта 668 сүт қабылдау пунктін құру жоспарланған.

Келтірілген деректерге қарағанда, 2016 жылы – 147 бірлік., 2017 жылы – 267 бірлік, 2018 жылы – 254 бірлік сүт қабылдау пунктін құру көзделуде.

Құрылатын пункттердің жалпы жылдық қуаттылығы 380 мың тонна. Сонымен қатар, логистикамен қамтамасыз ету үшін 167 сүт таситын автомашина сатып жоспарлануда. Яғни, 4 сүт қабылдау пунктіне 1 сүт таситын автомашина қарастырылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus