Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ҚазАгро» ұлттық холдингі егістік жұмыстарына 65,3 млрд. теңге бағыттады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі егістік жұмыстарына 65,3 млрд. теңге бағыттады

IMG_8969

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 2016 жылғы егістік науқанын қаржыландырудың алдын ала қорытындысын жасады. Жалпы көктемгі-егістік жұмыстарының барысын қолдауы шеңберінде Холдинг компанияларымен бүгінгі таңда жалпы сомасы  65,3 млрд. теңгеге 2 842 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Аталған қаражат 5,8 млн. га алаңда қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл ағымдағы жылғы республиканың барлық егістік алаңының үштен бір бөлігі.

Бұдан басқа, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың машина-трактор паркін жаңартуға бағытталған Ұлттық холдингтің лизинг бағдарламалары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясымен жиынтық сомасы 18,11 млрд. теңгенің 1 342 бірлік ауылшаруашылық техникасын жеткізуге шарттар жасалды, оның  817 бірлігі – бұл егістік техникасы.       

Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 60 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие бөлінді. АШТӨ әрі қарай қаржыландыру үшін, сондай-ақ аграрлар үшін несие ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мақсатында қаражат Холдингтің еншілес компаниялары – Аграрлық несие корпорациясы және Азық-түлік корпорациясының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің арасында қарыз түрінде бөлінді.  

КЕжЖЖ қаржыландыру «ҚазАгро» холдингі компаниясы тобының меншікті қаражаты есебінен де жүзеге асырылады, соның ішінде Несие серіктестіктерінің кеңейтілген желісін пайдалану арқылы. Бұл аграрлық шаруашылықтарды бөлінген бюджеттік қаражаттың үстінен  қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күнгі жағдайда қаржыландыруға өтінімдерді  қабылдау жалғасуда.

2016 жылғы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарының айырықша ерекшелігі республикада шаруа қожалықтарын өндірістік кооперативтерге біріктіру процестерін белсенді кеңейту болды.  Өткен жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі пилоттық режимде ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландырудың жаңа схемасын іске қосқанын еске саламыз, ол кооперация және ортақ жауапкершілік  принциптерінде астық өндірушілерін біріктіруді болжайды. Үш кооперативтің базасында іске асырылған жоба астық өндіруші-шаруашылықтарды біріктіру жөніндегі қозғалысқа өсті. Бүгінде республикада «ҚазАгро» холдингінің қаржылай қолдауымен 10 ауылдық өндіріс кооперативтері егістік жұмыстарын жүргізді, оған елдің төрт егістікпен айналысатын аймақтарының 200-ден астам шаруашылығы кірді. Ұлттық холдингтің бастамасы ауылдағы бизнесті қаржыландыру процессіне екінші деңгейдегі банктерді белсенді тартуды ынталандырады. Қазіргі уақытта жұмыс істейтін кооперативтер жалпы сомасы 7,9 млрд.теңге сомасына «Банк «Bank RBK» және «Банк Астана» АҚ арқылы қаржыландырылды.  

Облыстар  әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылдың 15 маусымына ауылшаруашылығы дақылдары 18,5 млн. га себілді, бұл 2016 жылдың жаздық егісінің 100% құрайды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

_____________________________________________________________________
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі 
+7 701 460 91 82,  R.Tasbulatov@kazagro.kz  тел: (7172) 70-56-39, 
www.kazagro.kz   

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus