Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ҚазАгро» Қазақстанның агросаласына еуроболигация орналастыру жолымен 600 млн.еуро тартты

«ҚазАгро» Қазақстанның агросаласына еуроболигация орналастыру жолымен 600 млн.еуро тартты

ҚазАгроның халықаралық капитал нарығына екінші шығарылым болды, және 2007 жылдан бері Қазақстаннан еурода алғашқы шығарылым. Алғашқы шағырылым 2013 жылғы мамырда мерзімі 10 жылға, жылдық 4,625% ставка бойынша сомасы 1 млрд. АҚШ долларына еурооблигация шығарылымын дебютті орналастырған.
Жаңа шығарылымның бірлескен ұйымдастырушылары Citi,HSBCи The Royal Bank of Scotland болып шықты, ал қағаздардың ішкі нарықтағы ұсынысы «Цесна Капитал» АҚ көмегімен жүзеге асты.
12 мамырдан 14-не дейін ҚазАгроның негізгі халықаралық институционалды инвесторлармен Франкфуртте, Мюнхенде, Лондонда, Амстердамда және Парижде бірқатар кездесулері өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және әлеуметтік-экономикалық дамудағы ҚазАгроның ауыл шаруашылық саласындағы маңызды стратегиялық рөлі туралы жағымды пікірлер айтылып, жалпы қолайлы нарықтық жағдаят пен Ресей Федерациясынан ұзақ мерзімді эмитент шығарылымының болмауы Холдингке еуропалық институционалды инвестрорлар жағынан салаға жоғары қызығушылық пен шығарылым тартуға мүмкіндік берді. Өткізілген кездесулер қорытындылары бойынша шығарылымға өтінімдердің ақырғы кітабы 240 халықаралық инвесторлардан 2,7 млрд.еуродан астам соманы құрады, олардың көп бөлігі Қазақстанның аграрлық саласына алғашқы рет инвестициялады, бұл Холдингтің инвестициялық қорын айтарлықтай кеңейтіп және халықаралық инвесторлардың Қазақстанның ауыл шаруашылық кешенінің тартымдылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыра түсті.
Бұл 2007 жылғы дағдарыстан бастап Қазақстандық эмитенттер ішіндегі және 2014 жылдың ақпанынан ТМД елдерінің арасында еурода халықаралық облигация шығарылымында алғашқы шығарылым болды. ҚазАгроның қағаз орналастыруы бүкіл нарық тарихындағы қазақстандық эмитенттің және ТМД елдеріндегі барлық орналастырудың ішіндегі еурода қарыз құны бойынша рекордтық төмен болды.
Бірқатар халықаралық мамандар ҚазАгроның жаңа шығарылымын үлкен жетістік ретінде анықтап, сондай ақ Қазақстанның өзге квазимемлекеттік эмитенттерінің қатарында Холдингтің мәртебесін бірінші класты қарыз алушы етіп, сонымен қатар капиталдардың ғаламдық нарықтарында ҚазАгроның беделін нығайтты.
Орналастыру нәтижелеріне түсінік бере отырып, «ҚазАгро» Басқарма Төрағасы Дулат Айтжанов былай деді: «Біз Холдингтің еурооблигацияларының кезекті орналастыру жұмысының аяқталуына қанағатпыз. Әлемдік капитал нарығындағы тұрақты жағдайында және ҚазАгроның қысқа мерзімде дайындық жұмыстарының жүргізілуі өзінің қарыз қоржынында валютаны диверсификациялау үшін еурода орта мерзімді қаражатты тартуға мүмкіндік берді және Қазақстан тарихында барынша төмен ставка бойынша бірқатар қаржы ресурстарын тартты. Орналастырудан түскен қаражат «Агробизнес-2020» 2013-2020 жылдары Агроөнеркәсіптік даму бағдарламасы шеңберінде мемлекетпен мақұлданған ұзақ мерзімді басым жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады.

Аймақ бойынша инвесторлар базасын бөлу статистикасы:
Германия / Австрия: 38%
Ұлыбритания: 32%
Қалған Еуропа: 23%
Қазақстан: 1%
Басқалар: 6%

Инвесторлар қорын түрлері бойынша бөлу статистикасы:
Басқарушы компаниялар: 81%
Банктер / Жеке капиталмен басқарылатын компаниялар: 11%
Сақатндыру компаниялары / зейнетақы қорлары: 7%
Басқалар: 1%

Мәміленің негізгі талаптары:
Эмитент: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
Шығарылым рейтингтері: BBB+ (тұрақты болжам) / BBB (тұрақты болжам)
Берешек түрі: пұрсатты қамтамасыз етілмеген
Шығарылым пішімі: Reg S
Өтеу мерзімі: 22 мамыр 2019ж.
Есеп айырысу күні: 22 мамыр 2014ж. (Т+5)
Шығарылым көлемі: 600 млн. еуро
Купон: 3,255%
Орналастыру бағасы: 100,00%
Листинг: Ирландия және Қазақстан қор биржалары

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.
_________________________________________________________
«ҚазАгро» ҰБХ” АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz
тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus