Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етеді

500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етеді



Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Жиынға ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директоры Е. Ахметов және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КАҚ сарапшысы Д. Егізбаев қатысты.

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдама жобасы Елбасы Н.Назарбаевтың а.ж. 9 қыркүйектегі кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмасын орындау аясында әзірленді.

Мемлекеттік бағдарламаларды дайындау тәртібіне сәйкес ҚР АШМ тарапынан Бағдарлама тұжырымдамасы жасалды. Бағдарлама жобасы Парламент депутаттары, салалық қауымдастықтар мен одақтар, агроқұрылымдар мен қайта өңдеу кәсіпорындары өкілдері мен ғалымдар тарапынан жан-жақты талқыланды.
Бағдарлама мақсатының мәні сол, бірінші кезекте, ондағы басымдықтар Мемлекет басшысының тапсырмасына негізделген және де саланың ағымдағы ахуалы толықтай талдауға түскен.

Бағдарламаның басты мақсаты – нарықтарда аса қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету. Өз кезегінде, оған қол жеткізу үшін 4 бағдарламалық мақсат пен 16 міндет тұжырымдалды.

Департамент директоры Е. Ахметов мал шаруашылығындағы өзгерістерді баяндады.

Айталық, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артады. Бұған қол жеткізу үшін елдік ауқымдағы жем балансы әзірленіп, қоспа жем көлемі 1,3 млн. тоннаға артпақ және құрама жем зауыттарының жүктелімі 48%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, суармалы жайылымдар аймағы 18 млн. га ұлғаймақ.
Жалпылай алғанда, жаңа Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды 1,3 есеге арттырып, жалпы сомасы 3,3-тен 4,3 трлн. теңгеге өспек.

Атап айтқанда, еңбек өнімділігі 50%-ға артып, 1,2 млн.-нан 1,9 млн. теңгеге жетпек және де 500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы кооперативтер арқылы өнім жылжыту жүйесіне тартылмақ, ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есеге артпақ. Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі 1,3 есеге артады. Салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 427 млрд. теңгеге жетпек.

Айта кететін жайт, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни мемлекеттен қосымша қаржы талап етпейді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus