Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ОҚО су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді

ОҚО су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді

20160604114335
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Бабата ауылындағы су қоймасына 50 мың шабақ жіберілді. Бұл «Облыста 2015-2016 жылы балық шаруашылығын дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жасалды.

«Бұл идеяны кәсіпорнымыз сонау 2014 жылы жүзеге асыра бастады. Онда біз әкімдікпен келісім орнатып, Тараздағы тәлімбақтармен байланыс орнаттық. Әрбір шабақ үшін 50 теңге төлеп, барлығы 100 мың тұқыны жібердік. Бүгінде тағы 50 мыңын жіберіп отырмыз», – деп баяндады «Kaz.Cold.Fish» ЖШС-нің директоры Дінмұхаммет Қазақбаев.

Жобаның бастамашылары алғашқы асырандылар күзде тұқым беретініне үміттеніп отыр. Болашақта кәсіпорында балық өнімдерін қайта өңдеу және консервілер шығару цехын ашуды жоспарлауда. Бұл 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал шығарылып отырған өнім жергілікті нарықта ғана емес, экспортқа да жібермек.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, балық шаруашылығын дамытуға аймақтық бюджеттен жалпы алғанда 400 млн. теңге бөлінген.

Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2910889

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus