Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ү.ж. 5, 7, 9 тамыз күндері «Дала күндері» өтеді

Ү.ж. 5, 7, 9 тамыз күндері «Дала күндері» өтеді

юсайд казагро юндр
5 ТАМЫЗ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – Шортандыда «Дала күндері» бір апталық туры бастау алады, ол Қазақстанның дәнді дақыл егетін негізгі үш облысын қамтиды. Бұл науқан отандық дәнді-дақыл өндірісін климаттық өзгерістерге бейімдеуге ықпал ететін жаздық бидай өсіру технологиясын қолдану нәтижелерін көрсетеді. «Дала күндерінің» бастамашысы «ҚазАгроИнновация» АҚ, БҰҰ Даму бағдарламасы және Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) «Орталық Азияның өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы бидай өсіру өндірісі секторының тұрақтылығын көтеру» бірлескен бағдарламасы. Турға қатысушылар – халықаралық және қазақстандық мамандар – дала жағдайында мұндай технологияларды елдің солтүстік аудандарында байқалатын климаттық өзгерістер негізінде қолдану басымдықтарымен танысатын болады. Жоба шеңберінде бейімдеу технологиясын пайдалана отырып жаздық бидайды Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының жалпы ауданы 150 га болатын жеріне көрсетілімдік егуге шешім қабылданды. Дәннен тұрақты өнім алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің ішінде – жерді органикалық өңдеу, топырақты нөлдік және ең аз өңдеу мен жаңа жоғары өнімді сорттарды пайдалану, егін салудың оңтайлы мерзімдерін сақтау, өсу стимуляторлары мен егінді азот тыңайтқыштарымен тамырынан емес қоректендіруді және егістік құрылымдарын әртараптандыруды қолдану бар. Халықаралық сарапшылар Солтүстік Қазақстан мен әлемнің басқа да дән өсіретін өңірлеріндегі үрдістер мен климаттық өзгерістердің ең жуық болашақтағы болжамдары туралы пікірлер бөліседі. Жоба үйлестірушісі Ерлан Жұмабаев: «Жоба командасы «Дала күндері» туры біріншіден, дәнді дақыл өндірісі саласын өзгермелі климаттық жағдайға бейімдеу саласында пікір бөлісуге және екіншіден халықаралық тәжірибелерді ескере отырып климаттық тәуекелді төмендету үшін превентивтік шаралар жасауға тиімді алаңы болады деген сенім білдірді. Осының бәрі Қазақстан мен Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады», – деді. «Дала күндері» туры Ақмола болысының Шортанды пос., А.И. Бараев атындағы Дәнді дақыл шаруашылығы ҚазҒЗИ 5 тамызда басталады деп белгіленіп отыр. 7 тамыз күні қатысушылар Қостанай ауылшаруашылық ҒЗИ аймағында орналасқан пилоттық учаскені барып көреді. Тур 9 тамыз күні Петропавловск қ. аяқталады, мұнда Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ өкілдері бейімдеу технологиясын пайдалану нәтижелері туралы әңгімелейтін болады. «Орталық Азияның өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы бидай өсіру өндірісі секторының тұрақтылығын көтеру» жобасының мақсаты қазақстанның дәнді-дақыл өндірісі секторында климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша шаралар шығару жөніндегі ынтымақтастыққа жағдай жасау болып табылады, бұл қорытындысында Орталық Азияның барлық аймақтарында азық түлікпен қамтамасыз ету саласындағы қауіпсіздікті күшейтетін болады. Журналистер Шортанды пос. (5 тамыз), Қостанай қ. (7 тамыз) және Петропавл қ. (9 тамыз) өтетін «Дала күндері» туры шеңберіндегі тұсау кесерлер мен семинарларға қатысуға шақырылады. Қатысу талаптарын қоса алғанда, қосымша ақпарат алу үшін Гульмира Қабанбаеваға +7 7172 917351, +7 701 538 4767 телефондары немесе gulmira.kabanbayeva@undp.org электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus