Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ аграрлық қолхатты енгізу мәселесін талқылады

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ аграрлық қолхатты енгізу мәселесін талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ кеңейтілген отырысына қатысты.

Жиында агарарлық қолхат институтын енгізу және 2018 жылдың көктемгі-дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды.

«Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ төрағасы А.Дарынов АӨК-ті несиелендіруді қамтамасыз етудің бірден-бір мүмкіндігі ретінде агарарлық қолхатты енгізудің маңыздылығына тоқталды.

Ұсынылып отырған қадамдар аграрлық қолхаттарды шығару, орналастыру, айналымға шығарылуы мен жабу кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттеуді қарастырып отырғанын атап өту керек.

Талқылау барысында министр аграрлық қолхаттың кепілділігін қамтамасыз ету мәселелеріне, сондай-ақ, олардың тек өсімдік шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде айналымда жүруіне ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге, министрліктің аталған бағытта нақты жұмыстарды атқарып жатқандығы айтылды.

«ҚазАгроның» облыстардағы алдағы көктемгі дала жұмыстары қарсаңындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру, несиелеу туралы баяндамасынан соң жиын «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты.

Басқосу соңында «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ төрағасы жүргізіліп жатқан саясат, нақты жұмыстарды ұйымдастыруы, шешім қабылдаудағы ашықтығы үшін ведомство басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, осындай жиындардың келесі жылы да жалғасын тауып, көптеген мәселелердің жедел шешілуіне септігін тигізетініне сенімін білдірді. Сондай-ақ, А. Дарынов бүгінгі кездесуде сұрақтардың аз болуы осындай жұмыстардың нәтижесі екендігін атап өтті.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved