Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Келешек ұрпақ үшін Каспийдің байлығын сақтайық

Келешек ұрпақ үшін Каспийдің байлығын сақтайық


Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігінде Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салу мәселесі бойынша онлайн режимде селекторлық жиналыс өтті.

Селекторлық жиналыста ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, Атырау және Маңығыстау облыстық әкімдіктерінің, балық шаруашылығы ғылымның, «Казахрыбхоз» ЗТБ-ның өкілдері, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілері қатысты. Жиналыс барысында Атырау облыстық әкімдігінің Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салуға қатысты ұсынысы қаралды.

Бекіре тұқымдас балықтардың 80% және сұранысқа ие ақсерке, бекіре және қызыл балықтар Каспий теңізін мекен ететіндігін ескерсек, кәсіпшілік балық аулауға тыйым салу Каспий теңізінің сағасындағы өзендерде балық ресурстарының сақталуына оң әсерін тигізеді.

Анықтама: 1962 жылы кәсіпшілік балық қорын қалпына келтіру және рационалды ұйымдастыру мақсатында балық аулаудың жаңа ережесі бекітілген болатын. Енгізілген ереже Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтардың санының көбеюіне және балықтардың қорларын бір қалыпта сақтап тұруға оң әсерін тигізді.

Пресс-служба МСХ РК
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика