Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыруды бастады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыруды бастады



«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2017 жылғы егістік науқанын қаржыландырудың басталғаны туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына Республикалық бюджеттен ҚазАгро холдингі құрылымы арқылы 60 млрд. теңге сомасындағы қысқа мерзімді қарыз берілді.

Бюджеттік қаражаттардан басқа «ҚазАгро» ұлттық холдингі жылдың аграрлық шараларын басқа да қаржыландыру көздері есебінен қолдайды. Мысалы, 2016 жылы егістік және егін жинау науқанына Холдинг бюджеттік несиені есепке алып 114,9 млрд.теңге, 2015 жылы – 101,3 млрд. теңге бағыттады.

АШТӨ мемлекеттік қаржыландырумен көптеп қамтуға қол жеткізу үшін алғашқы кезекте қаржыландыру өткен жылдағы сияқты ауылшаруашылық кооперативтеріне берілетін болады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін жоғарылату және отандық қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындаған дақылдар қатары бірінші кезектегі тәртіпте қаржыландырылады. Әңгіме майлы (күнбағыс, рапс, зығыр, соя), арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп туралы болып отыр.

Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуді несиелеу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігін беру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру;
• Кейіннен ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қорландыру.
• Несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және Өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Бюджеттен тыс көздер есебінен қосымша көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шамамен 35 млрд теңге бағыттау жоспарланады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика