Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов бекіре балықтарын аулауға тиым салды

А.Мырзахметов бекіре балықтарын аулауға тиым салды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов бекіре балықтарын аулауға тиым салды.

«Бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау мақсатында, сондай-ақ «ғылыми мақсатта аулау сыңайымен» осы балық түрлерін аулауды болдырмау үшін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2016 жылғы 30 маусымда «Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға тыйым салу туралы» № 177 бұйрығын қабылдаған болатын. Ол Комитеттің барлық аумақтық инспекцияларына жолданды», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасынын орынбасары міндетін атқарушы Н.Жүнісов.

Аталған шара балық өнімдерінің жасырын айналымына қарсы бағытталған. Себебі, аракідік «ғылыми мақсатта аулануда» деген желеумен балық аулау деректері кездесуде. Осыған байланысты, А.Мырзахметов ел аумағында бекіре балықтарын аулауға тыйым салуға тапсырма берді.

Бұдан басқа, қазіргі таңда АШМ жұмыс істеп тұрған бекіре балық өсіру зауыттарының жиынтық қуатын жылына 7 миллионнан 12 миллион дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабағына дейін ұлғайтып, олардың өндірістік базасын қайта жаңарту жолымен бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін көбейту мәселесін пысықтауда.

Сонымен бірге, АШМ республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Жайық-Каспий бассейнінде балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша инвестициялық ұсыныс әзірлеуді жоспарлауда. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне үстіміздегі жылғы 7 қыркүйекте балық шаруашылығы мелиорациясын қаржыландыру тетігі бойынша сұрау салу жіберілді.

Ауланған балықтың есепке алынбаған жасырын айналымымен (браконьерлік аулау, балықты аулау лимитін бұзу – шамадан тыс аулау) күрес жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі балық және балық өнімі айналымы мониторингісінің жаңа автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуді жоспарлауда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus