Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан 8 млн. тонна астықты экспортқа шығарды

Қазақстан 8 млн. тонна астықты экспортқа шығарды

2015-2016 маркетинг жылы Қазақстан 8 368,7 мың тонна астықты экспортқа жөнелтті. Осы көлемнің ішінде астыққа шаққандағы ұн мен астықтың көлемі бірге есептелген.

8,3 млн. тонна астықтың 35,2%-ын ұнның көлемі құрады (астыққа шаққанда 2,95 млн. тонна).

1 шілдеде басталған 2016-2017 маркетинг жылы, 667,6 мың тонна астық пен ұн экспортталды.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында жаппай астық дақылдарын жинау науқаны басталды. Сонымен, ү.ж. 27 тамызында өңір дихандары 115 мың га аумақты жинап болды. Өңірдегі жалпы егін жинау аумағы 4 215,0 мың га құрап отыр.

Анықтама: Маркетинг жылы 1 шілдесінен басталып келесі жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus