Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары бойынша кезекті 36-шы отырысы Астана қаласында өтіп жатыр

Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары бойынша кезекті 36-шы отырысы Астана қаласында өтіп жатыр

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21.06.16 ж.                                                                                         Астана қ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий теңізінің су биологиялық ресурстары бойынша комиссиясына төрағалық етуші жағы ретінде Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясының және Түркіменістанның мемлекеттік балық шаруашылығы ведомствалары өкілдерінің қатысуымен Комиссияның кезекті 36-шы отырысын өткізеді.

Үш күннің ішінде ағымдағы жылдың 21-мен 23-ші маусым аралығында Каспий жағалауы мемлекеттері өкілдерімен 2014-2015 жылдарында Каспий теңізінде өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде есептер тыңдалу жоспарланған, оның негізінде Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қорғау сақтау үшін біріккен ұсыныстар әзірленетін, 2016 жылға Каспий теңізінде су биологиялық ресурстарын ортақ шекті аулау бойынша ұсыныстар талқыланатын болады.

Сонымен қатар, тараптар балық ресурстарын жасанды өсімін молайту бойынша қолданып жатқан шаралар жөнінде, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтар және браконьерлікке қарсы қолданып жатқан іс-шаралар жөнінде хабардар етеді.

Атап өту қажет, елбасы Н. Назарбаевтың бастамасы нәтижесінде, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімі әзірленді және қол қойылды. Оның шегінде Комиссия үкіметаралық статусын алды.

Бүгінгі таңда Келісім барлық мемлекеттермен ратификацияланған және заңды күшіне 2016 жылдың 24 мамырында енген.

Нәтиже бойынша, Комиссияның 36-ші отырысының Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау іс-шаралары бойынша тиісті ұсыныстарымен хаттамаға қол қою жоспарлануда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus