Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 32 мың шағын мал бордақылау алаңын ашу көзделуде

32 мың шағын мал бордақылау алаңын ашу көзделуде

Сиыр еті өндірісінің жалпы көлемі жыл сайын артып отыр. Мұндағы ЖҚШ үлесі 75%-ды құрайды. Бұл ретте шағын мал бордақылау алаңдарын құру басты назарда.

Келтірілген деректерге қарағанда, шағын мал бордақылау алаңдары үшін әлеутті өгізшелердің саны 495 мың басты құрайды.

Бұл жерде әр бастамашыға 5-15 бас өгізше сатып алу және 3 жыл ішінде жалпы саны 32 мың шағын мал бордақылау алаңдарын ашу көзделуде (2016 ж – 7 079 бірлік, 2017 ж – 12 871 бірлік, 2018 ж – 12 228 бірлік).

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved