Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 3 мыңға жуық мал бордақылау алаңы ашылды

3 мыңға жуық мал бордақылау алаңы ашылды

1470

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеу бойынша қолға алынған шараларды баяндады.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрінің хабарлауынша, 2016 жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау пунктті және 3,2 мың отбасылық бордақылау алаңы құрылған. Мұның аясында 15 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылмақшы.

«Республика бойынша 15 қарашаға дейін 2 400 ауыл округінің әкімдерін және аудан әкімдерінің орынбасарларын оқыту аяқталатын болады», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Сондай-ақ, министрлік өкілінің айтуынша, әкімдіктер мақұлдаған жоспарларға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылып, олар 100 сүт қабылдау пункттін және 2 мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіретін болады.

Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қолдауға бағытталған қаржылық құралдар мәселесі де көтерілді. Жаңа қаржылық құралдар ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, Ынтымақ – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, Игілік – ауыл шаруашылығы малдарын өсіру, Бірлік – сүт қабылдау пункттерін құру, Береке – отбасылық бордақылау алаңдары.

Өз кезегінде, аталған мақсаттар үшін Үкімет бұған дейін 31,8 млрд. теңге қаражат бөлген еді.

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің микронесиелерге қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ЖҚЖ-2020 бекіту бойынша Үкімет қаулысына бір мезетте берілетін несие мөлшерін 16 млн-ға арттыру және несиелендіру мерзімін 7 жылға дейін ұзартуды қарастыратын толықтырулар енгізілуде», – деп ойын жалғады Қ.Айтуғанов.

Бұдан әрі бірінші вице-министр елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы жағдаймен таныстырып өтті.
««Қазсушар» балансында 1 млн адамға 495 ауылдық елді мекен бойынша су беріп отырған 26 топтық су құбыры бар. Оның ішінде, ол түпкі тұтынушыға дейін 180 ауылдық елді мекенге қызмет көрсетуде. Ал қалғандарын мемлекеттік коммунальдық кәсіпорындар қамтыған», – деді Вице-министр.

Бұл орайда, Қ.Айтуғанов «Қазсушар» мекемесіне топтық су құбырларына жалғанған қалған елді мекендерге қысқа мерзімге қызмет көрсетуі мүмкіндігін беруді ұсынды.

Анықтамалық: ЖҚЖ-2020 бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыруды есептегенде– 30,1 млрд. тг;
Қайта қаржыландыру есебінен – 1 млрд. тг;
Жергілікті бюджет есебінен – 0,7 млрд. тг.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus