Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атырау облысында 270 кг бекіре балығы заңсыз ауланды

Атырау облысында 270 кг бекіре балығы заңсыз ауланды

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері Атырау облысының арнайы табиғатты қорғау прокуратурысы мен ІІД өкілдерімен бірлескен балық қорғау шараларын жүргізу барысында 2014 жылдың 3 қарашасында Жайық өзенінде Амангелді кентінің тұрғыны басқарған қайық тоқтатылды.
Тексеріс барысында жалпы салмағы 150 кг құрайтын 73 дана бекіре тұқымдас балық түрлері тәркіленді.
Осы күні Зарослый каналында «Амур» қайығы тоқтатылды. Қайықты Атырау қаласының екі тұрғыны болды. Олардан салмағы 120 кг. құрайтын бекіре балықтары мен 5 дана аулау құралдары тәркіленді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55 57 65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus