Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2567 АӨК субъектісі қаржыландырылды

2567 АӨК субъектісі қаржыландырылды


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселесіне тоқталды.

«Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бюджет қаражаты және «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің қаржы институттарының қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шаралар қабылданды», – деді вице-министр.

«Жалпы алғанда, ағымдағы жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАгро» Холдингі бюджеттік кредит қаржысынан 60,0 млрд. теңге бағыттады», – деп атап өтті ол.

Қ.Айтуғановтың айтуынша, бұл тарапта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы – 36,0 млрд.теңге, «Азық-түлiк корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы – 15,4 млрд. теңге және екінші деңгейдегі банктер арқылы – 8,6 млрд. теңге бағытталды. Сонымен, 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 58,9 млрд. теңгені және жалпы егістік алаңы 5,1 млн. гектарды құраған 1835 өтінім – 2567 АӨК субъектісі қаржыландырылды.

Айта кетейік, аталған жиын «Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбымен өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика