Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның ЕО-қа ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 219,8 млн. долларды кұрады

Қазақстанның ЕО-қа ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 219,8 млн. долларды кұрады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстанның ЕО-қа ауыл шаруашылығы өнімдері
экспортының көлемі 219,8 млн. долларды кұрады

14.04.2016 ж.                                                                                               Астана қ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Еуропалық комиссия одағымен ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті және ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар ЕАЭО шекарасы арқылы еуропалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзиттік мәселелерін талқылады.

Еуропалық одақпен әріптестік Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.

2015 жылы Қазақстанның ЕО-пен  ауыл шаруашылығы өнімдерімен азық-түлікті қайта өңдеу бойынша  сыртқы тауар айналымы 635,9 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан 2015 жылы ЕО-қа 92 мың тонна астық, 247,7  мың тонна зығыр, 15,9 мың тонна мақта талшығы мен 5,9 мың тонна балық филесін экспорттады.

Қазіргі таңда Қазақстанда италияндық, германдық және венгриялық ірі компаниялар өз қызметтерін белсене жандандыру үстінде.

2012 жылдан бастап Қазақстанда ЕЭК БҰҰ және ЭДЫҰ қаржылық қолдауымен жеке сектор, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың қатысумен су ресурстарын интеграциялауын басқару, өңдеу және іске асыру тұғырнамасымен су саясаты  бойынша Ұлттық диалог жүзеге асырылып келеді.

Осы жылдан бастап су ресурстарын басқару саясатына үлес қосу аясында ЕО-ның «Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін қолдау» бойынша бірінші жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарламаны қаржыландыру ЕО жалпы бюджетінен жүзеге асырылады. Жоба аясында трансұлттық су ресурстарын басқару, су және денсаулық мәселелері жөнінде Протоколын енгізуге қолдау көрсету және өзендік бассейіндерін басқару үшін институционалдық негізді жақсарту жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама:

Ауыл шаруашылығы мен ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері жөнінде  Еуропалық комиссия  Төрағасының офисі Брюссель қаласында орналасқан.
Фил Хоган (Mr.Phil Hogan) – Ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту жөнінде Еуропалық комиссар (European Commissioner for Agriculture and Rural Development)

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved