Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «2018 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттік орындалуы туралы» ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

«2018 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттік орындалуы туралы» ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

•Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 11 айда 102,9%-ды (жоспар – 103,6%) құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 102,3%, мал шаруашылығында – 103,9%.
Ағымдағы жылы гектарына 15,1 центнер түсімділікпен 22,8 млн. тонна астық бастырылды.
Анықтама ретінде: Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы астықтың жалпы түсімі 20,6 млн. тоннаны, жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 2 249 млрд. теңгені құраған.
Бұл ретте болжамдалған қосып жазылған 3,5 млн. тонна астық көлемін алып тастаған жағдайда, 2017 жылы астықтың жалпы түсімі 17,1 млн. тоннаны құраушы еді. Мұндай жағдайда жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 2 121 млрд. теңге болар еді.
Тиісінше, 2017 жылғы базаны болжамдалған қосып жазылған мәліметтің құнына төмендету ағымдағы жылы нақты көлем индексінің ұлғаюына әсер етуі тиіс.
Тірідей салмақтағы ет өндірісі – 4,3%-ға, сүт – 3,3%-ға, жұмыртқа –10,6%-ға өсті.
•Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 1,7%-ға артты, жылдық жоспар – 5,0%.
Өсімге қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру көлемі төмендеген өңірлер де бар, атап айтқанда, бұл көлем Жамбыл облысында 26,8%-ға, Ақтөбе облысында 10,9%-ға, Маңғыстау облысында 3,6%-ға, Қостанай облысында 0,2%-ға азайған.
Анықтама ретінде:
Жамбыл облысында
Статистика органының мәліметі бойынша 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2018 жылы тамақ өнімдері өндірісінің төмендеп кетуі Тараз қаласында орналасқан қант зауытының маусым айынан бері және Меркі ауданында орналасқан қант зауытының сәуір айынан бастап қазан айы аралығында жұмыс істемеуіне байланысты болып отыр.
Аталған кәсіпорындар наурыз-сәуір айларынан бастап қазан айына дейін құрақ қантпен жұмыс істейтін. Бүгінгі күні кәсіпорындардың шикізат сатып алуға айналым қаражатының болмауынан тоқтап тұрды.
Ақтөбе облысында
Төмендеу негізінен өсімдік май өндірісі мен ұн өндірісінен болған.
Өсімдік майы бойынша облыста жылдық қуаттылығы 32,0 мың тонналық бір ғана «Ақтөбе Фудс» ЖШС жұмыс жасауда.
Өндіріс көлемінің төмендеу себебі а.ж. бірінші тоқсанында зауытта қондырғыларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өндіріс тоқтап тұрды. Осыған байланысты өндіріс көлемдерінде төмендеу байқалған.
Алайда жылдың соңына дейін жоспарланған өнім көлемін өндіру толығымен орындалатын болады. 2018 жылдың соңына дейінгі жоспар 28,0 мың тонна. Алайда бүгінгі күні «Ақтөбе Фудс» ЖШС-і шикізаттың яғни, күнбағыс тұқымының жоқтығына сілтеме жасап отыр.
Бұған қоса облыста бүгінгі күнге тағы бір ірі өсімдік майын өндіретін зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. «АкМЭЗ» ЖШС – жылдық қуаттылығы 36,0 мың тонна дайын өнім. Инфрақұрылымды жүргізудің ұзақтығына байланысты іске қосылу уақыты 2019 жылдың қаңтар айына ауыстырылды.
Ұн бойынша
Жергілікті ірі экспортқа бағытталған «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Рамазан» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар көлемін азайтуда.
Оның негізгі себебі экспорттық нарықтардың азаюы мен жабылуы болып табылады.
Өңіраралық кооперация шеңберінда Өзбекстан тарапымен келіссөздер жүргізіліп, өткізу нарығын кеңейтуде. Жыл соңына дейін ұн өндірісінің көлемі артатын болады.
Қостанай облысында
Ұн өндіру бойынша 0,5%, сары май бойынша 0,8%, ет және тағамдық субөнімдер 0,3%, нан бойынша 6,1%, макарон өнімдері бойынша 5,3%, күнбағыс майы бойынша 7,3% төмендеу байқалған.
Ұн бойынша
Облыста 80 жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірілері «Асалия» ЖШС, «Бест Костанай» ЖШС, «Саламат» ЖШС, «Романа-Нан» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Азия Уны» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «МАБ» ЖШС және т.б..
Ұн өндірісінің төмендеуі «Азия Уны» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «МАБ» ЖШС, «Романа Нан» ЖШС, «Сапсан Кост» ЖШС, «Ак Бидай» ЖШС, «Қостанай ұн компаниясы» ЖШС кәсіпорындарында болды. Ұн өндірісінің төмендеуіне вагондардың жылжымалы құрамының жеткілікті көлемде жеткізбеуіне байланысты кәсіпорындарда ұн экспортының азаюы, өткізу нарығының жоқтығы, айналмалы қаражаттың жоқтығы және бидай құнының қымбаттауы әсер етті. Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің астық қоймалары және диірмен кешендері толып тұр. «ҚТЖ- жүк тасымалы» «Қостанайдағы бөлімі» АҚ вагондарды жеткізу мерзімі бойынша келісімдегі шарттарды сақтамауына байланысты астық трейдерлары және диірмен кешендері толық көлемде өнімдерін жөнелте алмауда.
Сары май бойынша
Сары майды облыста «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Олжа- Садчиковское» ЖШС, «Дина» ЖШС, «СРПП» ЖШС, «Булудов ЖК өндіреді.
«Олжа- Садчиковское» ЖШС 40,3% немесе 37 тоннаға төмендеді (2017 ж 10 айында -92,7 тонна, 2018 ж 10 айында – 55 тонна). Сары май өндірісінің төмендеу себептерін кәсіпорын халықтың сатып алу сұранысының төмендеуімен, көпшілік арасында жоғары танымалдыққа ие өнімдер (сүзбе, қаймақ) өндірісі көлемінің артуы және күз кезеңінде өңдеуге сүт шикізаты түсімінің азаюымен түсіндіреді.
Өндіріс көлемінің төмендеуі цехты қайта құруына байланысты Жетіқара ауданының «Дина» ЖШС байқалады.
Макарон өнімдері бойынша
Облыста макарон өнімдерін өндірумен «Қостанай мелькомбинат» АҚ, «Злак плюс»ЖШС және «Аманат» ТД» ЖШС айналысады. «Аманат» ТД» ЖШС-і бойынша өткен жылмен салыстырғанда 20% төмендеу байқалып отыр. Тез дайындалатын макарон өнімдерінің іске асыру көлемінің төмендеу себебі Алматы қаласында заман талабына сай «Ролтон» ЖШС жаңа зауыттың ашылуына байланысты болып отыр.
Күнбағыс майы бойынша
Күнбағыс майы өндірісі көлемінің төмендеуі майлы дақылдарды кеш жинауына байланысты (қазан, қараша айларының соңы) шикізаттың және қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізат сатып алу үшін айналым қаражатының жоқтығы болып отыр.
Нан бойынша
Нан өндірісі көлемінің төмендеуі 1 сортты ұннан жасалған нанға сұраныстың төмендеуі соңғы бірнеше жылда байқалып отыр және нан-тоқаш өнімдеріне (тоқаш, батон, қара бидайдан және ашытқысыз нан және т.б.) артықшылықтың артуына байланысты болып отыр.
•Сусындар өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға төмендеген (жылдық жоспар 3,0%).
Өндірістің төмендеуі Қызылорда облысында 37%-ды, Шығыс Қазақстан облысында 20%-ды, Түркістан облысында 15,3%-ды, Ақтөбе облысында 12,6%-ды, Маңғыстау облысында 11,4%-ды, Ақмола облысында 7,4%-ды, Алматы облысында 7,2%-ды, Батыс Қазақстан облысында 1,4%-ды, Алматы қаласында 1%-ды құрады.
Әкімдіктердің мәліметі бойынша өндірістің төмендеуінің негізгі себебі тұрғындардың алкогольсіз сусындарға деген сұранысының төмендеуі, сондай-ақ ірі өндірушілер үшін қантты әкелуге нөлдік кеден бажын алып тастау салдарынан шикізаттың (қанттың) қымбаттауы болды.
Төмендеу себептері
Шығыс Қазақстан облысы: Төмендеудің негізгі себебі барлық көктем кезеңі мен жаздың басындағы ауа-райы жағдайымен байланысты болды. Осы кезеңде төмен температуралар, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын байқалған. Осы себеппен «Тамина» ЖШС-да (Өскемен қ.) сусындар өндіру көлемі 20%-ға, «Әсер» ЖШС-да (Семей қ.) 80% – ға және «Ankai-Vostok» ЖШС-да 90%-ға (Өскемен қ.) төмендеген. Аталған өндіріс көлемінің төмендеуі сусындар өндірісінің нақты көлем индексіне теріс әсерін тигізді.
Ақмола облысы: Саланың негізгі кәсіпорны «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ы болып келеді, оның үлесі 95%-ды құрайды. Өндірістің төмендеуі тұтынушылық сұраныстың азаюымен байланысты.
Алматы облысы: Алкогольсіз сусындар өндіретін «Байнт» ЖШС кәсіпорны жыл басынан бері тоқтап тұрып, күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін ғана пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ол 1463 мың литр (2017 жылы – 2733 мың литр) сусын шығарған, яғни, 2017 жылмен салыстырғанда 1270 мың литрге немесе 46,4%-ға кем сусын өндірген.
Алматы қаласы: Себеп ірі өндірушілер («RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Raimbek Bottlers» ЖШС және «Кока-кола Казахстан» ЖШС) үшін қантты әкелуге нөлдік кеден бажын алып тастау салдарынан шикізаттың (қанттың) қымбаттауы болды.
•Республикалық бюджеттің орындалуы
2018 жылы республикалық бюджеттен Министрлікке 371,6 млрд. теңге бөлінді.
Есепті кезеңде 339,7 млрд. теңгесі немесе жылдық жоспардың 91,4%-ы нақты игерілді.
Анықтама ретінде:
Игерілмегені – 9 131,6 млн. теңге:
634,4 млн. теңге – бюджет қаражатының үнемделуі.
Игерілмегені – 8 497,2 млн. теңге:
аграрлық ғылым бойынша – 1 261,7 млн. теңге;
орман ресурстары мен жануарларын дүниесін басқару, сақтау және дамыту бойынша – 601,0 млн. теңге;
ветеринария бойынша – 481,1 млн. теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту, өткізу үшін жағдай жасау бойынша – 71,8 млн. теңге;
су ресурстарын басқару бойынша – 5 495,3 млн. теңге;
әкімшілік шығындар – 586,3 млн. теңге.
Қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері көрсетілген қызметтердің актілерін рәсімдеу бойынша рәсімдердің өткізілуі, оның ішінде өткізілмеген конкурстар, қызмет көрсету мен тауарларды ұсыну аяқталған соң ақы төлеу, пайдаланылмаған қаражат қалдығы және т.б. болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved