Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «2018 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындықтың барысы туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

«2018 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындықтың барысы туралы» мәселе бойынша селекторлық режимде өтетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

1-слайд. Бастапқы бет.
2018 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымы
2-слайд. Алдын ала деректер бойынша 2018 жылы егіс алқаптары 21,8 млн. гектарды құрамақ. Бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгейде.
Дәнді дақылдарды 14,7 млн. гектар алқапқа себу жоспарлануда, оның ішінде бидай – 11,4 млн. гектар, бұл 2017 жылдың деңгейінен 544 мың гектарға аз. Бұл ретте мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдар осы көлемге көбейетін болады (2017 жылға қарағанда 16%-ға), жемдік дақылдар (арпа, сұлы, жүгері, бұршақ (50%), ноқат) 2,5 млн. гектарға егіледі, бұл өткен жылдың деңгейінен 49 мың гектарға (2%-ға) артық.
Майлы дақылдар бірінші рет 2,5 млн. гектар межеден асып шамамен 2,6 млн. гектарды құрайды. Картопқа арналған алқап та оң өсу динамикасын көрсетіп, 210 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 15%-ға артық.
Тұқыммен қамтамасыз ету
3-слайд. Ағымдағы жылғы егіске 2,6 млн. тонна тұқым дайындалды.
Майлы дақылдар тұқымының төменгі пайыздық дайындығы Шығыс Қазақстан (87%) облысында байқалады.
Облыстардың әкімдіктері айырбастау немесе еркін нарықтан сатып алу арқылы жетіспейтін көлемді жабу көздерін іздестіруі қажет.
Тұқым шаруашылығын субсидиялау
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі айналым қаражаты болмағандықтан себу үшін тұқым сатып алмайды және іс жүзінде жалпы репродукциядағы өздерінің тұқымдарын пайдаланады.
Осыған байланысты тұқым шаруашылығын субсидиялаудың мүлдем жаңа тетігі әзірленді. Жаңа тетік 5 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевтің төрағалығымен бейне-конференция режимінде барлық мүдделі тараптардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте жете талқыланды.
Кеңеске қатысушылар жаңа тетікті жалпы қолдады.
Бұл тетікті іске асыру 2021 жылға қарай 3-репродукциядан төмен емес тұқымдар себуді 100%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету
4-слайд. Өткен жылы субсидия нормасын пайыздық мәнде белгілеуден теңгемен белгілетін абсолюттік нормативке көшіру бөлігінде минералды тынайтқыштарды субсидиялау тетігі өзгертілді. Нәтижесінде 2017 жылы минералды тынайтқыштарды қолдану көлемі 368,4 мың тоннаны құрады, бұл 2016 жылдың деңгейінен 107,5 мың тоннаға немесе 41%-ға жоғары.
Бұл ретте, минералды тыңайтқыштарды қолдану төмен деңгейде қалуда және қажеттіліктің 14%-ынан аспайды.
2018 жылға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 446,0 мың тонна тыңайтқышқа, оның ішінде наурыз-мамыр айларындағы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезеңінде 270,1 мың тонна тыңайтқышқа өтінім берген. Оның ішінде негізгі үлес «Қазфосфат» және «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің отандық өндіріс тыңайтқыштарына (78% немесе 333,4 мың тонна тыңайтқыш) тиесілі.
2018 жылға тыңайтқыштарды субсидиялауға жергілікті бюджеттерде 17,0 млрд. теңге көзделген, бұл өтінім берілген тыңайтқыш көлемін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.
Осыған байланысты облыстар әкімдіктеріне тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған бюджет қаражаты көлемін ұлғайтуды ұсынамыз.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы
5-слайд. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолымызда 142,6 мың трактор, өнімділігі жоғары 3,7 мың егіс кешені, 82,5 мың тұқым сепкіш, 297 мың топырақ өңдеу құралы бар.
Облыстар әкімдіктердің деректеріне сәйкес 1 наурыздығы жағдай бойынша ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 87%-ды, егіс кешендерінің дайындығы 100%-ды, тұқым сепкіштердің дайындығы 87%-ды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 88%-ды құрайды.
Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
6-слайд. Ағымдағы жылы диқандардың көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отынына деген қажеттілігі 375,0 мың тоннаны құрайды.
Энергетика министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылғы ақпан-маусым айлары кезеңіне Өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді.
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан шығару бағасын литріне 130 теңгеден (тоннасы 156 мың теңге) белгіледі, бұл ретте операторлардың жеткізуін ескерсек, өңірлердегі орташа баға литріне 146 теңгені құрайды, бұл нарықтағы бағадан (жанармай құю станцияларында литріне 165 теңге) 13%-ға арзан.
Қазіргі кезде облыстардың операторлары ресурс ұстаушылармен шарт жасасу және наурыз айының көлемдеріне ақы төлеу рәсімін аяқтау үстінде. Өңірлерге дизель отынының 50%-дан астамы тиеп-жөнелтілді.
Сонымен қатар, атап өткім келген жайт, бекітілген облыстарды мұнай өңдеу зауытына бекітіп беру кестесіне қарамастан, ресурс ұстаушы «Petroprox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Алматы облысының операторларына ақпан-наурыз айлары үшін дизель отынын (3,7 мың тонна) жеткізу мәселесін Энергетика министрлігі шешкен жоқ.
Аталған ресурс ұстаушы Энергетика министрлігі тарапынан биылғы жылы алғаш рет Бекітіп беру кестесіне енгізілді және ақпан айы үшін дизель отынын (1,9 мың тонна) жеткізу міндеттемесін орындамады деуге болады. Наурыз айы бойынша (1,8 мың тонна) міндеттеменің де орындалмау қаупі бар.
Егер, ресурс ұстаушысы «Petroprox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі міндеттемелерін орындамайтын болса, Энергетика министрлігінен жұмыс тәжірибесі бар адал ресурс ұстаушыларға бекітіп бере отырып, көрсетілген отын көлемін (3,7 мың тонна) мамыр айына қайта бөлу мәселесін қарастыруды сұраймыз. Аталған мәселе Алматы облысының әкімдігімен келісілді.
7-слайд. Қазіргі уақытта Министрлік «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамымен, Энергетика министрлігімен және облыстар әкімдіктерімен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген дизель отынына арналған квотаны minagro.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде бөліп беру және сатып алу схемасын іске асыру жұмысын жүргізуде.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген дизель отыны көлемін қалыптастыру және сату тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету Веб портал арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын бөліп беру жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктік деректері (электрондық танап карталары) растаған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқаптарының шамасына байланысты іске асырылатын болады, Сондай-ақ Портал арқылы операторлар мен диқандар арасында электрондық шартқа қол қойыла отырып, дизель отынын on-line сатып алу-сату жүзеге асырылатын болады.
Күтілетін нәтижелер диқандар арасында дизель отыны көлемінің дұрыс қалыптастырылып, бөлінуі, электрондық сауданың ынталандырылуы, нақты егіншілік элементтерінің енгізілуі болып табылады.

Назар аударғанызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved