Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2018 жылғы қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары 497 тонна және 252,6 м3 заңсыз тасымалданған өсімдік өнімдерінің жолын кесті

2018 жылғы қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлары 497 тонна және 252,6 м3 заңсыз тасымалданған өсімдік өнімдерінің жолын кесті


2018 жылғы 27 қазан мен 2 қараша аралығанда Актөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдері заңсыз 4 жағдайда әкелінгені анықталды.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде 43 тонна бидай кебегі, 21 тонна тағамдық картоп, 17 м3 кесілген ағаш өнімдері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға тиым салынған. Барлық өнім Ресей Федерациясына кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы ағымдағы жылдың қазан айында өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлармен 35 жағдайда (497 тонна және 252,6 м3) Ресей Федерациясынан заңсыз карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік өнімдері фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны үшін жіберілмеді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved