Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар 2018 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

2018 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының ағымдағы жағдайы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұтыну бағасының индексі орташа есеппен 101,8% құрады.
Жалпы алғанда жылдың басынан бері республика бойынша барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шамалы өсуі байқалады. Ең жоғары бағалардың өсуі қант бойынша – 23,4%, күріште – 12,5%, қырыққабатта – 11,0%. Сонымен бірге, кейбір тауарлар түрлері бойынша бағалардың төмендеуі байқалады. Олар қарақұмық жармасы – 27,6%, картоп – 28,5%, пияз – 25,4% және сәбіз – 18,2%.
Өңірлер кескінінде жалпы барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының ең жоғары өсуі Жезқазған – 4,4%, Шымкент – 4,2%, Түркістан – 4,0% және Көкшетау– 3,9% қалаларында байқалды.
Айдың басындағы (қараша) мәліметтерді қарастыратын болсақ, бағалардың ең жоғары өсуі жұмыртқада – 2,4%, құс етіне – 1,9% және күнбағыс майында – 1,1% байқалады. Ал бағалардың төмендеуі сәбізде – 1,9%, картопта – 0,3% байқалады.
Өңірлер бойынша: бағалардың ең жоғары өсуі Ақтөбе – 2,0%, Көкшетау – 1,5%, Павлодар – 1,5% және Семей – 1,4% қалаларында байқалады, ал төмендеуі – Түркістан, Шымкент қалаларында – 0,7 %-ға дейін байқалады.
Көкөніс өнімдерінің бағаларының ауытқуының негізгі себебі өндірістің маусымдылығы болып табылады. Онымен қоса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шамалы өсуі ұлттық теңгенің құнсыздануына байланысты.
Одан бөлек, азық-түлік тауарларына бағалардың өсуіне өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың өсуі әсер етеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қаласының әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатымен белгіленген шаралар қолданылуда.
Өңірлерде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жүргізіледі. 2018 жылдың қаңтар-қарашасында аймақтармен тұрақтандыру қорларына барлығы 25,4 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды, соның ішінде: картоп – 11,0 мың тонна, қант – 5,0 мың тонна, пияз – 2,4 мың тонна, сәбіз – 1,8 мың тонна, күріш – 0,6 мың тонна, қырыққабат – 0,38 мың тонна, күнбағыс майы – 240 тонна.
Аталаған аралық бойынша сатылғандар барлығы – 29,0 мың тонна, соның ішінде: картоп – 11,65 мың тонна, қант – 5,4 мың тонна, пияз – 2,7 мың тонна, сәбіз – 2,2 мың тонна, 1 сұрыптағы бидай ұны – 2,3 мың тонна, қырыққабат – 1,8 мың тонна, күнбағыс майы – 964 тонна, күріш – 943 тонна, 1 категориялы жұмыртқа – 244 тонна, сиыр еті – 225,6 тонна.
Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап аймақтармен тұрақтандыру қорларына барлығы 9,0 мың тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды, соның ішінде: Ақтөбе обл. – 1,7 мың тонна, Атырау обл. – 1,2 мың тонна, Қостанай обл. – 1,4 мың тонна, СҚО – 0,7 мың тонна, Түркістан обл. – 1,0 мың тонна, Қарағанды обл. – 15,4 тонна, Павлодар облысы – 85,0 тонна, Алматы қ. – 1,5 мың тонна және Астана қ. – 0,35 мың тонна. Негізгі сатып алынған азық-түлік тауарлары қатарында: картоп – 2,8 мың тонна, 1 сұрыпты бидай ұны – 2,9 мың тонна, қант – 1,6 мың тонна, сонымен қатар, сәбіз, пияз және қырыққабат – 0,8 мың тонна.
Аталаған аралықта 1,6 мың тонна азық-түлік тауарлары сатылды, соның ішінде: Астана қ. – 544 тонна, Павлодар облысы – 231 тонна, Қызылорда облысы – 217 тонна, Қарағанды облысы –191 тонна, Алматы облысы – 135 тонна. Негізгі сатылған азық-түлік тауарлары қатарында: қант–1153 тонна, 1 сұрыптағы бидай ұны –249 тонна, күнбағыс майы – 150 тонна.
Ағымдағы жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорларындағы тауарлық интервенциялар жүргізуге арналған қор 12,2 мың тоннаны, алмастыруға берілгендер және жауапты сақтауға берілгендер – 22,7 мың тоннаны құрады. Қолда бар 12,2 мың тоннаның – 3,0 мың тоннасы қант, 0,83 мың тоннасы – күнбағыс майы, 1,3 мың тоннасы – 1 сұрыптағы бидай ұны, 0,497 мың тоннасы – қарақұмық жармасы және 0,355 мың тоннасы – макарон өнімдері.
Өңірлер кескінінінде қолда бар азық-түлік тауарлары келесі облыстарда: Қостанай обл. – 4,2 мың тонна, Атыраус обл.– 1,5 мың тонна, СҚО – 1,0 мың тонна, Алматы қ. – 3,2 мың тонна және Астана қ. – 0,7 мың тонна. Кейбір облыстарда қолда бар азық-түлік тауарлары аз, бірақ олардың көп бөлігі жауапты сақтауға берілген, олар: Түркістан обл.– 8,6 мың тонна, ШҚО – 7,4 мың тонна, Жамбыл обл.– 1,9 мың тонна, Ақтөбе обл. – 1,9 мың тонна, Қарағанды обл. – 1,2 мың тонна.
Тауарлық интервенцияларды жүргізу үшін ӘКК есебінде 4,0 млрд. теңге қаражат бар. Қаражаттардың ең көп мөлшері Астана қаласында – 1 536 млн. теңге, Түркістан облысында – 587 млн. теңге және Жамбыл облысында – 392 млн.теңге.
Жоғарыдағыларды ескере, тұрақтандыру қорларын қалыптстыру бойынша штабтар жұмыстарының жандануы Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында байқалады, ал Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында соңғы екі айда тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарлары сатып алынбаған.
Назарларыңызға рахмет!

О стабилизации цен на социально-значимые продовольственные товары

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved