Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2018 жылғы 7 маусымда конкурс жариялайды.

Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағытты бойынша өткізіледі.

Конкурстық құжаттама ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің mgov.kz сайтында орналастырылған.

Жауапты тұлға Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшы А.Қ.Өскенбаев болып табылады, телефоны 8 (7172) 55-59-73.

Конкурстық құжаттама және өтінім даярлау мәселелері бойынша түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7172) 55-59-73; 55-59-22.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (оның беттік жағында тиісті орында: жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы және ЖТН көрсетіледі), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қарастырылады.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурстық құжаттама

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved