Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күресті ұйымдастыру дайындығы

2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күресті ұйымдастыру дайындығы

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күресті ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар дайындығының барысы туралы брифинг өткізілді.

Онда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы минстрлігі Агроөнеркісіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Е.Т. Айнабеков 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы және сапалы жүргізу үшін іс-шаралар дайындығының барысы туралы хабардар етті.
2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы 1 570,7 мың гектар алаңда болжамдалуда, оның ішінде, италияндық прус – 951,6 мың гектар, азиялық шегіртке – 298,4 мың гектар, мароккалық шегіртке – 320,7 мың гектар.

Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 538,5 млн.теңге қаражат бөлінді, бұл қажетті пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні аталған қаражаттардың есебі арқылы конкурстық рәсімдер аяқталуда, пестицидтерді жеткізушілер, оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетушілер анықталды.

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына пестицидтер жеткізілді және химиялық өңдеу жөніндегі қызметті көрсетушілер анықталды.

Үйірлі шегірткелер бойынша мониторингтік тексерулер 38 783,0 мың гектар алаңда жоспарланған, оның ішінде, италияндық прус бойынша 27 376,0 мың гектар, азиялық шегіртке бойынша 8 291,0 мың гектар және мароккалық шегіртке бойынша 3 115,0 мың гектар.

2017 жылы мониторингтік жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге 448 автокөлікті жалға алуға және 437 тексерушілерді жұмылдыруға қаражаттар бөлінді. Штаттағы жұмыскерлерді қоса алғанда тексеру жұмыстарына барлығы 1184 адам және 617 автокөлік қатысатын болады. Оған қоса қажет болған жағдайда Қазақстанның жол картасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру орталықтарынан қосымша тексерушілер тартылатын болады.

Көршілес мемлекеттер тарапынан талап-шағымдарды болдырмау мақсатында ҚХР, Ресеймен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестерді анықтауға, сондай-ақ бірлескен хаттамаларды және тексеру актілерін толтыру арқылы жүргізілген өңдеулердің тиімділігін анықтауға бірлескен тексерулер жүргізілетін болады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен 2017 жылы үйірлі шегіртке тектес зиянкестермен күресті уақытылы және сапалы жүргізу үшін барлық шаралар қабылдануда.

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысында марокко шегірткесінің күбіршектеріне зерттеулер басталды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика