Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық

2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрi Қайрат Айтуғанов 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.

«2017 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22 миллион гектар алқапта орналастыру жоспарлануда, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 311 мың гектарға артық. Оның ішінде көктемгі егіс көлемі 18,5 млн. га құрайды. Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруға, құрама жем және қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктемелігін арттыруға, мал шаруашылығында жем-шөп базасын нығайту үшін егістік жерлерді диверсификациялауда мынадай жұмыстар жүргізілуде»,- деді Қ. Айтуғанов.

Мал азығы дақылдарының егістік көлемі (арпа, сұлы, жүгері, асбұршақ, ноқат) – 206 мың га, жарма дақылдары – 32 мың га, майлы дақылдар – 60 мың га, қант қызылшасының егістік көлемі 7 мың га. артады деп жоспарлануда.

Суды көп қажет ететін дәнді-дақылдар, соның ішінде күріш көлемін 2 мың га, мақтаны 4,6 мың га, бидайды – 338 мың га қысқарту көзделуде. Жалпы дәнді-дақылдардың егістік алқабы 15 млн. га құрайтын болады, оның ішінде бидай 12 млн. га.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы АӨК субъектілерімен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджеттік несие көлемі 60 млрд. теңге. Осы қаражаттардың шеңберінде жалпы 3 млн. га егістік алқапты қамти отырып, 1500 АӨК субъектілерін қаржыландыру көзделіп отыр.

Осы ретте, мемлекеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жүктемелігін арттыру мақсатында қаржыландыру тетіктері басыңқы бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, бірінші кезекте майлы дақылдар мен мал азығы дақылдары қаржыландырылады.

Қ.Айтуғановтың айтуы бойынша, жаңа Мемлекеттік бағдарламаның аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғарғы сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында тұқым шаруашылығын қолдау механизмі жетілдірілді. Мысалы, ағымдағы жылдан бастап бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялау қайтадан басталатын болады, ал бірінші репродукциялы тұқымдар тек басымды дақылдар бойынша және ең төменгі нормасыз субсидияланатын болады. Бұдан басқа жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері және бірінші ұрпақты будандарын субсидиялау жалғастырылатын болады.

2017 жылы 2,4 млн. тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы дайындалды.

Ағымдағы жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялау үшін 13 млрд. теңге бөлінді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық.

Көктемгі егіс жұмыстары басталған уақыттан бастап әр он күн сайын минералды тыңайтқыштарды жөнелту бойынша мониторинг жүргізіліп отырады.

2017 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында 375 мың тонна мөлшерінде қажетті дизель отынының көлемі айқындалды, оның ішінде 148 мың тонна наурыз айына бекітілді. Наурыз айына бекітілген баға литріне 105 теңге. Нарықтық баға литріне 130 теңге болғанда, операторлардың шығынын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін литріне 120 теңгені құрайды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus