Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2016 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудың 9 айлық қорытындылары

2016 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудың 9 айлық қорытындылары

Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудың 9 айлық қорытындыларын баяндады.

«Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары экономиканың аграрлық саласында оң даму қарқынының сақталып отырғанын көрсетіп отыр. Мәселен, 2016 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылғы осындай кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 4,9%.-ға артты. Аталған өсім өсімдік шаруашылығы өнімі құнының 7%-ға және мал шаруашылығы өнімі құнының 2,5% өсуімен қамтамасыз етілген», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы республика бойынша 2501,0 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңнің деңгейімен салыстырғанда 4,9%-ға артып отыр.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1 316,5 млрд. теңгені құрады.

Үстіміздегі жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша АӨК белгілі жетістіктерге жетті. Еліміздің аграрлық саласының өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар бойынша астық жинаудың рекордтық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Мысалы, 25 қазандағы жағдай бойынша 23 млн. 608,4 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 млн. 892 мың тоннаға артық.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының өнімділігін арттыруға өз үлесін қосты. Егер өткен жылы астықтың жалпы түсімділігі 13,4 ц/га құраса, осы жылғы түсімділік гектарына 15 центнерді құрады (15,4 ц/га).

ҚР Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов азық-түлік өнімдерін өндіру саласында оңды өсімнің барлығын атады.

Өз кезегінде, табиғи азық-түлік өнімдерінің келесі түрлері бойынша өсім байқалып отыр: жарма – 44,7%, қант – 61,6%, ұн – 14,7%, өсімдік майы -13,5%, кілегей – 10,5%, шұжық өнімдері – 9,5%, қышқыл сүт өнімдері – 5,9%», – деді Қ.Айтуғанов.

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтұғанов Қ.Қ. баяндамасы (25 қазан 2016 ж)


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus