Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2016 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудың 11 айлық қорытындылары

2016 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытудың 11 айлық қорытындылары

Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов АӨК-тің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады.

«Ауыл шаруашылығы үстіміздегі жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өсу көрсеткіштерімен сипатталып отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,4 трлн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі бойынша 4,5% өсіп отыр», – деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының инвестиция көлемі 48%-ға артып, 11 айдың қорытындысы бойынша 228 млрд. теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 148 млрд. теңгені құраған болатын.

Астықтың жалпы жиыны 23,7 млн. тоннаны құрады, ол былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 млн. 900 мың тоннаға артық. Орташа түсімділік гектарына 15,4 центнерге жетіп отыр.

Сондай-ақ, биыл 3,6 млн. тонна көкеніс пен 2,2 млн. тонна бақша дақылдары жиналды. Бұл былтырғы жылдан 511 мың тоннаға артық.
Мал шаруашылығында орташа алғанда мал басы саны 1,3%-ға артып, ет өндірісі 3,5%-ға, сүт – 3,1%-ға ұлғайды.

Соңғы 20 жылда бірінші рет Солтүстік Қазақстан облысында қант қызылшасы отырғызылып, 350,0 ц/га түсімділікпен 14 мың тонна өнім жиналды. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 15%-ға жоғары.

Қайрат Айтуғанов айтып өткендей, осы жыл түсімі мол жыл болды. Келер жылы осы өнімділікті ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, АӨК-ті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығының тиімділігін 40%-ға, өсімдік шаруашылығын 30%-ға, мемлекеттік қолдауларды алушылардың санын 7 есеге көбейтіп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер санын 67 мыңнан 500 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр.

2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиынын 1 трлн. теңгеге, пайыздық көрсеткіште 30%-ға арттыру, яғни, 3,3 трлн. теңгеден 4,3 трлн. теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Өнімдерді жылжыту жүйесіне 1200-ден аса кооператив тартылады. Олардың аясына 500 мыңға жуық ЖҚШ-ны біріктіру көзделуде.

Еске сала кетейік, жаңа бағдарлама қосымша қаржы талап етпейді және бұған дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus