Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2016 жылға болжам: Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиыны 22 млн. тоннадан асады

2016 жылға болжам: Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиыны 22 млн. тоннадан асады

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Бірінші вице-министр Қайрат Айтуғановтың қатысуымен егін ору науқанының ағымдағы жағдайына арналған брифинг болып өтті.

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы шамамен 21,7 млн га құрады. Бұл алдыңғы жылғы көлемнен 445,1 мың га артық. Жалпы егіс алқаптарының өлшемінде дәнді дақылдардың үлесі – 15,4 млн. га, майлы дақылдар – 2,0 млн. га, бақшалық өнімдер мен картоп – 426,7 млн га», – деп атап өтті Қ.Айтуғанов.

Оның айтуынша, қант қызылшасы 12,9 мың га, мақта 109,6 мың га аумаққа егілген.

Бүгінде еліміздің барлық аймағында жаппай егін ору науқаны жүріп жатыр. Айталық, 8 қыркүйектегі жағдай бойынша 8325,6 мың га орылып, 12,4 млн. тонна өнім бастырылды.

Еліміздің астықты облыстарында (Қостанай облысы, Ақмола облысы, СҚО) 6 млн. га аса аумақ орылды және де жинау науқаны жалғастырылуда.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілері 256,6 мың тонна жанар-жағармайды пайдалануда. Жалпылай алғанда, күздік орым жұмыстарына 391,6 мың тонна жанар-жағармай жұмсау жоспарланған.

Айта кетейік, ағымдағы уақытта ҚР АШМ ҚР Энергетика министрлігімен бірге астық кептіру жұмыстарына қосымша жанар-жағармай бөлу мәселесін қарастыруда.
Бұл орайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 490 кептіргіштің барлығын атап өткен жөн. А.ж. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша олардың 481-нің әзірлігі жоғары болатын.

Биылғы жылғы қолайлы ауа-райы егіннің бітік шығуына әсер етті. Алдын ала болжам бойынша жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын-терімі 22 млн. тоннадан асуға тиіс.

Брифинг барысында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдері астықты сатып алу бағаларын жариялады.
Мысалы, компанияның коммерциялық ресурстары келесідей бағаларды белгілеп отыр: 3 сыныпты бидайдың бір тоннасы үшін 41 000 теңгеден 50 000 теңге, 4 сыныптысы үшін 34 000 теңгеден 36 000 теңге, 5 сыныптысы үшін 30 000 теңге, ал арпаның 2 сыныптысы үшін 25 000 теңге.

Бір айта кетерлік жайт, ағымдағы орым маусымында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы бидайды сатып алудың құнын өнімнің сапасына қарай белгіледі.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus