Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында Қытайдан жолданған 20 тонна контрафактілі шошқа еті жойылды

Алматы облысында Қытайдан жолданған 20 тонна контрафактілі шошқа еті жойылды

Алматы облысында орналасқан, «Қорғас» шекаралық ветеринариялық бақылау бекетінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен Қытай Халық Республикасынан арнайы ілеспе құжаттарсыз (ветеринариялық сертификат, алып келуге ветеринариялық рұқсат) Қазақстанға жолданған 20 тонна контрафактілі шошқа еті тәркіленді.
Көршілес мемлекеттегі жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалының тұрақсыздығы, Республикамызға тәркіленген етпен бірге жұқпалы ауру қоздырғыштарының еніп тарау қауіпі бар.
Осыған байланысты, ветеринариялық бақылау қызметі тәркіленген етті комиссиялық жою туралы шешім қабылдап, өртеу әдісімен жойды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus