Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қытайға 2 мың тонна өсімдік майы экспортталды

Қытайға 2 мың тонна өсімдік майы экспортталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
08.04.16 ж.                                                                                                                        Астана қ.

534695

Ауыл шаруашылығы саласына стратегиялық инвесторлар тарту жөніндегі Елбасы жүктеген міндетті орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қ. майлы дақылдар өндіру және қайта өңдеу кооперативін құру аясында ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен «Айцзю» трансұлттық компаниясы (КХР) өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл бастама майлы дақылдардың егістік алқабын және өсімдік майы өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мәжіліс жұмысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдігінің, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
«Айцзю» трансұлттық компаниясы (КХР) Солтүстік Қазақстан облысында өсімдік майларын өндіру зауытын салуды жоспарлауда. Жобаның бағдарлы құны 58 млн. АҚШ долларын құрайды. Зауыт жылына 80 мың тонна өсімдік майын шығаруды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, осы жылғы наурызда Қытайға 2 мың тонна өсімдік майы шығарылды. Келешекте әр дақылдың жыл сайынғы сатып алу көлемін 200 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus