Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2013 жылдың 16 тамызында (жұма) «Төңкеріс» нанқабылдаушы кәсіпорны» ЖШС жаңа астық сақтау нысанына БАҚ өкілдері үшін ПРЕСС-ТУР ұйымдастырылады

2013 жылдың 16 тамызында (жұма) «Төңкеріс» нанқабылдаушы кәсіпорны» ЖШС жаңа астық сақтау нысанына БАҚ өкілдері үшін ПРЕСС-ТУР ұйымдастырылады

АГРО

2013 жыл 16 тамыз                 Ақмола облысы

 

 

 

     Астық жинау науқаны қарсаңында еліміздің астық егетін негізгі аймағының бірі Ақмола облысында кезекті астық сақтау нысаны іске кіріседі. «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан қаржыландырылған «Төңкеріс» нанқабылдаушы кәсіпорны» ЖШС 2013 жылғы астық өнімін қабылдауға дайын. Жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы 289,3 млн. теңгені құрайды. Кешен басқарудың автоматты жүйесімен, сонымен қатар астық кептіру мен тазартудың жоғары технологиялы жүйесімен қамсыздандырылған.

 

      ҚХР, Тәжікстан, Иран, Өзбекстан  сияқты елдерге «Төңкеріс» НҚК астық жеткізілімін жүзеге асырады.

 

БАҚ назарына:

 

      2013 жылдың 16 тамызында (жұма) «Төңкеріс» нанқабылдаушы кәсіпорны» ЖШС жаңа астық сақтау нысанына БАҚ өкілдері үшін ПРЕСС-ТУР ұйымдастырылады. Нысан Астана қаласынан 35 км.қашықтықта Ақмола облысы Шортанды ауданында орналасқан. Іс шара «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі және кешен басшыларының, облыс әкімдігі қызметкерлерінің, ҚР АШМ және «Қазагроқаржы» АҚ  өкілдерінің қатысуымен өтеді. Ашылу салтанатында Испания, ҚХР, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің астық импортерлері мен жабдық жеткізушілері қатысады деп жоспарлануда.

 

 

 

Журналистердің жиналуы және нысанға баруы сағат 9.30-да Астана қ. Кенесары көшесі 36 мекен жайындағы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі ғимаратының алдында.

 

Ақпарат және аккредитация:

 

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі

 

тел: (7172) 705-639, ішкі 1016

 

Ринат Тасбулатов

 

8-701 460 91 82

 

R.Tasbulatov@kazagro.kz

 

 

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus