Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Аграрлық несие корпорациясына 15 жыл

Аграрлық несие корпорациясына 15 жыл

Бүгін осыдан тура 15 жыл бұрын жарғылық капиталына 100–пайыздық мемлекет қатысуымен, қаржы құралдарының ауылдық тауар өндірушілерге қол жетімдігін және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің «аграрлық секторды кредиттеу мәселелері туралы» 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысына сәйкес, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құрылды.
Бастапқы кезеңде Корпорация кредиттік серіктестіктер (КС) жүйесі арқылы ауыл өндірісін кредиттеу жүйесін тиімді жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған қаржы институты негізінде жұмыс атқарды.
Қазіргі уақытта Корпорацияның Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қолдаудағы 15 жылдық бай тәжірбиесі бар. Осы уақыт аралығында еліміздің әрбір ауыл ауданында бірегей кредиттік серіктестіктер жүйесі құрылды.
Алғашқы жылдары құрамында 833 қатысушысы бар 18 КС өз жұмысын бастаған еді. Бүгінде еліміз бойынша, құрамында 12 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бар 171 КС жұмыс жасайды. КС жүйесі арқылы қарыз алушыларға 158 млрд. теңгеден аса несие берілді.
Бұдан өзге, аталған уақыт аралығында Корпорация Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге жуық қаржыға қаржыландырды.
Қазіргі уақытта Корпорация агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын жүзеге асырумен және мал шаруашылығындағы ІҚМ санын көбейту мен ІҚМ тұқымын ірілендіруге арналған «Сыбаға» бағдарламасын қаржыландырумен айналысады.
Сонымен бірге Корпорация «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ұсақ мүйізді мал алуға, жылқы санын артыруға бағытталған «Құлан» және жайылымдық жерлердің инфрақұрылым құрлысы бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеуді жүзеге асырады.
Корпорация түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ары қарай несиелеу үшін екінші деңгейлі банктерді қорландырумен айналысады.
Әлеуметтік саланы қамтитын Корпорация кредиттерінің маңыздылығы – қолжетімділік, жаңа жұмыс орындарын ашу мен ауылдық жердегі өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus