Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жаңа жылыжай кешендері іске қосылуда.

Қазақстанда жаңа жылыжай кешендері іске қосылуда.

Қазақстанда 11 га жер ауданын құрайтын ең ірі жылыжай кешені өз жұмысын ағымдағы жылы наурыз айының ортасында бастағалы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары технологиялық «Аделя» ШҚ ЖК кешеніне «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2,1 млрд.теңге инвестициялады. Көкөніс өсірумен 140-қа жуық мамандар айналысады.

Өндірістің пайдалануға берілуімен осынша адам арнайы оқудан өтіп, жұмыспен қамтамасыз етілуі жоспарлануда.
Республикамызда «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 2008 жылдан бері жылыжай кешендері желісін құру және дамыту бойынша жобалар қаржыландырылуда. АӨК-де аталған бағытты қолдау қаржыландырудың түрлі көздерінен жүзеге асырылады, соның негізгісі Ұлттық қордан бөлінген қаржы арқылы. Жабық жерде көкөніс өсіру бойынша алғашқы өндірістік кешен құрылысы басталғанынан бері холдинг компанияларымен 33,5 млрд.теңге жалпы сомасын құрайтын 37 түрлі жылыжайлардың қаржыландырылуы мақұлданды.

Олардың жиынтық жер көлемі 125,6 га құрайды, ал өндіріс қуаттылығы – жылына 50,1 мың тоннаға дейін өнімдерді өндіру. Қаржыландыру бағдарламаларының басты әкімшісі өндірістік негізде тәріздес кешендер құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыратын «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады.

Холдинг құрамындағы басқы компания, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры микронесиелендіру бағдарламалары шеңберінде орта және шағын шаруашылықтарда аз шығынды және отбасылық типтес жылыжайларға қатысты қолдауды жүзеге асырады.
Бүгінгі күні «ҚазАгро» Ұлттық холдингі еншілес компанияларымен 14,2 млрд.теңге сомасына 21 жоба пайдалануға берілді. 2014 жылы 61,3 гектар жерде 27 мың көкөніс өнімдері мен көшеттер өндіруге мүмкіндігі бар, 19,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға беру жоспарлануда.

Анықтама:

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.
Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

«ҚазАгро» ҰБХ” АҚ баспасөз қызметі
Ринат Тасболатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz
тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus