Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 10, 5 мың тоннадан астам сиыр еті экспортқа жіберілді

10, 5 мың тоннадан астам сиыр еті экспортқа жіберілді

Қазақстан Республикасы етті мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін отандық компаниялардың шетелге жеткізілетін өнімнің өсуімен расталады.
Жыл басынан 10,5 мың тонна сиыр еті экспортталды, 46,5 мың бас аналық ІҚМ сатып алу қаржыландырылды, бордақылау алаңдарына 42 мыңнан астам бұқалар тапсырылды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін кем дегенде 2,5 есе арттыру бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында етті мал шаруашылығын дамыту басым бағыттардың бірі болып табылады. 2018 жылға көрсеткіш 15 мың тоннаны құрады.
Өзбекстанның «Жәке» ШҚ қазіргі заманғы бордақылау алаңына мыңнан астам бұқалар жіберілді, онда бір мезгілде 3000 астам бас бордақыланады. Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қарағанды облысына іс сапары аясында бордақылау алаңының жұмысымен танысты.
Бұдан әрі шараның қатысушылары облыстың бірқатар кәсіпорындарының жұмысымен танысуда.
Жұмыртқа бағытындағы «Агрофирма Курма» ЖШС құс фабрикасы кәсіпорын жыл сайын облыстық нарыққа 260 млн дана жұмыртқаны өндіреді және сатады. Ағымдағы жылы кәсіпорынға биоқалдықтарды қайта өңдеу арқылы энергияны үнемдейтін швейцариялық қондырығыны пайдалануға берілді. 571 млн теңгеден астам инвестиция салынды.

«Eurasian Foods» АҚ, маргариндер, майлар және сары май өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын жыл сайын 54 мың тоннадан астам өнімдер өндіреді. Қойылтылған сүт өндірісі бойынша цехтың құрылысына инвестициялайды. Өнім Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, сондай–ақ Тәжістанға, Өзбекстан мен Түркменстанға экспортталады.
Соңында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша республикалық селекторлық жиналыс және өңірдің ауылшаруашылық өнімін өндірушілермен кездесу болды. Оның қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің орынбасарларына бағдарламаға фермерлерді тартуға бағытталған шараларды күшейтуге нақты тапсырмалар берілді.
Нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін әкім орынбасарларына ауыл шаруашылық бағыты жеке жауапкершілікті жетекшілік ететіндер аталды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved